Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

10.04.2017
Жетісу ауданында «Наурыз мейрамы» мерекесі жалғасуда

«Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы» әрдайым ауқымы кең, ұланасыр той болып атап өтіледі. 08 сәуір күні Алматы қаласы Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында «Наурыз мейрамы» аталып өтті.

Мерекені мектеп директоры Әлиақпарова Ф.М. құттықтау сөздерімен ашты. «Наурыз» – көктем мен тазарудың, мейірімнің мерекесі. «Наурыз» мейрамы адамдардың теңдігін, еркіндікті, үлкендерге құрметті, кішіге ізетті дәріптейді. Бұл күні кез келген қонақты құшақ жая қарсы алады. Қазақтар баяғы заманнан қонақжайлылығымен даңқы шыққан халық. Олар қонағына бар дәмдісін ұсынып, төріне шығарады. Наурызда әрбір үйде «Наурыз көже» дайындалады, бір-біріне қонаққа барады, сый-сияпат жасайды. Біздің мектебіміз де осы игі дәстүрді жалғастыруда» - деп атап өтті Фатима Мәметқалиқызы. Сөзінің аяғында, мектеп директоры қонақтардың әрқайсысына денсаулығының мықтылығын, бастамаларына табыс, бақыт пен береке тіледі. Мерекелік іс-шара оқушылар мен мұғалімдердің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне сәйкес көрсетілімдер қойылып, әндерін шырқады.

Келген қонақтар  дәстүр бойынша қазақтың ұлттық тағамы Наурыз көже мен бауырсақ және палаудан дәм татты.



10.04.2017