Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2016
Жетісу ауданында «Қала күні» өтті

2016 жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қалалық Ипподромында «Қала күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Жетісу ауданының әкімі Т.К.Разақов қатысушыларды сүйікті қаламыздың 1000 жылдығымен құттықтап, әсем Алматымыздың 1000 жылдық тарихи оқиғасының куәсі болып отырғанымызды ерекше атап өтті. Аудан әкімінің құттықтау сөздерінен кейін «Үздік сурет», «Үздік шығарма», «Үздік аула сыпырушы», «Үздік аула», «Үздік ЖПИК» номинациялары бойынша өткізілген байқауларды қорытындылап, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар берілді. Сағат 10-нан бастап жиналған қала тұрғындары мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары мен балалар шығармашылық үйінің жас таланттарының қатысуымен мерекелік концерт қойылды. Ипподром аумағында аудан кәсіпорындарының тауарлары мен бұйымдарының көрмесі, балалар қолөнерінің көрмесі ұйымдастырылды, одан басқа іс-шараға қатысушылар «1000 жыдық тарихы бар Алматы» атты фотосуреттер көрмесімен танысты, мерекелік сауда ұйымдастырылды, қаламыздың ең кішкентай тұрғындары үшін батуттар мен балалар аттракциондары орнатылды.

Дәл осы күні «Apple fest» фестивалінің аясында ұлттық көйлек киген қыздар іс-шара барысында Алматы апортын үлестірді. 1000 алма таратылды.

Сағат 13.00-ден бастап «Алматының 1000 жылдығы» құрметіне әртүрлі бәйге ұйымдастырылып, шабандоздардың үздік көрсетілімдері қойылды.

Іс-шараға қатысқан адамдардың саны 3000 адамға жуық болды.


19.09.2016