Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

03.11.2017
Жетісу ауданының мүмкіндігі шектеулі азаматтарымен кездесу ұйымдастырылды

2017 жылдың 3 қарашасында Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандар «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында партия өкілдерімен кездесіп, көкейтесті мәселелерін жеткізді. Кездесу Жетісу ауданының №11 емхананың қабылдау бөлмесінде өткізілді. Қабылдауға Жетісу ауданында орналасқан «Нұр Отан» партиясының «Денсаулық» бастапқы партия ұйымының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының Жетісу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Альбисенов, №11 емхананың бас дәрігері Майра Жүнісова, №21 емхананың бас дәрігері Төкеева Нұржамал, «Құлагер» орталығының бас дәрігері Ұлмекен Омарова, Жетісу ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Ерлан Давов қатысты. «Кездесуде 2-3 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар өздерін алаңдататын мәселелерімен бөлісті. Атап айтқанда, «Оңай» картасымен қамтамасыз ету, медициналық мекемелердегі дәрігерлердің жиі ауысатындығы туралы айтылды. Емханаға келушілерді аса толғандырған дәрі-дәрмекпен уақытында қамту мәселесі де қатты толғандыратыны айдан анық. «Көбіне дәрілер берілмейді немесе уақытынан кешіктіріп беріледі деген пікірлер айтылды. Фармацевтикалық компаниялар Денсаулық сақтау басқармасымен келісім-шартқа отырады. Ол келісім шарт аясында жеткізілетін уақыт, тағы басқа мәселелер бекітіледі. Сондықтан дәрімен қамту мәселесі Денсаулық Сақтау басқармасының құзырында», - деді Нұржамал Төкеева. Қабылдауда болған азаматтарға Жетісу ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлім басшысы Ерлан Давов, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Альбисенов мүгедектік бойынша зейнетақы мөлшері, баспана кезегі туралы түсіндірді. «Біраз нәрсенің басы ашылды. Жетісу ауданында автобус маршруттары ыңғайсыздық тудырып отыр екен. Кейбір мүгедек адамдар жеңілдікпен «Оңай» картасы берілетінін де білмейтін болып шықты. Бізге қатерлі ісікке шалдыққан әйел адам келіп шағымын айтты. Өзі күні бойы емханада болғандықтан, баласына мектепте ыстық тамақ берілуін өтінді. Мәселе бірден шешімін тапты», - деді Жетісу ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлім басшысы Ерлан Давов.

 


03.11.2017