Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

05.05.2016
Отан қорғаушылар күніне орай Жетісу ауданында шара өтті

2016 жылдың 05 мамырында Жетісу ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрілігінің №73652 әскери бөлімімен бірлесе отырып, 7 мамыр Отан Қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді.

Іс-шараға Жетісу ауданының мектептерінен жас ұлан отрядтары, Ұлы Отан соғысының тыл майдангерлері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Умралиева С.А., Ауған соғысының жауынгер-интернационалист ардагерлері қатысты. Салтанатты шара алдында Қазақстан Республикасының гимні орындалды. Әскери бөлім командирінің орынбасары іс-шараны ашып, сарбаздар мен оқушыларды құттықтап, жылы тілектерін жеткізді. Одан басқа ардагер аталарымыз көргендерін еске алып, мемлекетке бейбіт болашақ тіледі. Оқушылар әскери бөлімшенің ішін аралап, сарбаздардың күнделікті өмірімен танысты. Автоматтың құралуын, бөлшектенуін және әскери техниканы өз көздерімен көрді. Әскери көрмеден кейін шағын концерттік бағдарлама қойылды. Қатысушылар бұл іс-шарадан жақсы әсер алды.

05.05.2016