Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

01.06.2019
Жетісу ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді

2019 жылдың 01 маусымында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен «Максима» ОСК басшылығымен бірлесіп Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шара ұйымдастырылды. Балалар мерекесі күні концертік бағдарлама қойылды, тегін тәттілер таратылды, балалар ойын аттракциондары орнатылып, асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылды.

Мереке алдында ерекше балалар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар (100 бала) «Максима Иллюзион» кинотеатрында барып, «Үй жануарларының құпия өмірі» атты мультфильмін тамашалады.

Кемел шағынауданының балалары да назардан тыс қалған жоқ. Олар үшін мереке ұйымдастырылып, мәдениет үйінің алды сәйкес безендірілді. Мерекелік көңіл-күй орнаған алаңда балалар үшін тегін аттракциондар жұмыс істеді.

1 маусым күні «ерекше» балаларды құттықтау дәстүрге айналған. Олар үшін «BURGER KING» мейрамханасынан арнайы тапсырыспен тағам берілді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға да тәттілер үлестірілді. Іс-шара соңында мүгедек балаларға сыйлықтар берілді.

Осы күні ЛА-155/6 мекемесінің жазасын өтеуші жасөспірімдері үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, бағдарламада туыстарымен кездесу, ұлттық-халықтық ойындар, концерттік бағдарлама өткізіліп, балмұздақтар таратылды.

Мейрамды Жетісу ауданының кішкентай тұрғындары қуанышпен өткізді.


01.06.2019