Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

01.06.2018
Жетісу ауданында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді

2018 жылдың 1 маусымында Алматы қаласының Жетісу ауданы әкімінің аппараты  Құлагер шағын ауданындағы «Гүлдер» саябағының аумағында Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында Алматы қаласының 24-ші округ бойынша мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенмен бірлесіп мерекелік іс-шара өткізді. Балалар мерекесіне орай балаларға концерттік бағдарлама, асфальтқа сурет салу бойынша конкурстар, спорттық ойындар, тәттілер мен сусындар тарату және  атпен жүру өткізілді.

«Raimbek Bottlers» ЖШС-нің өкілдері шара кезінде промо-акция ұйымдастырып, балаларға өз өнімдерін таратты.

Первомайский шағынауданының балалары да назардан тыс қалған жоқ. Олар үшін де мереке ұйымдастырылып, мәдениет үйінің алды сәйкес безендірілді. Мерекелік көңіл-күй орнаған алаңда балалар үшін тегін каруселдер мен батуттар орнатылды. Көкжиек аула клубының ұйымдастыруымен спорттық ойындар өткізілді. Осындай мейрамдарға Жетісу ауданының кішкентай тұрғындары қуана атсалысты.

1 маусым күні мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерекше құттықтап өту дәстүрге айналған. Олар үшін «BURGER KING» мейрамханасынан арнайы тапсырыспен алынған тағам берілді. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен мерекеге келген балаларға тәттілер үлестірілді. Іс-шара соңында аудан депутатының атынан мүгедек балаларға сыйлықтар берілді.


01.06.2018