Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

10.05.2017
Жетісу ауданында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді

2017 жылдың 9 мамырында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты Жеңіс күнінің құрметіне мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Сағат таңертеңгі 9-дан бастап Орталық зиратта Ұлы Отан соғысы ардагерлері, зейнеткерлер, аудандық қызмет басшылары мен мектеп оқушыларының қатысуымен қаза тапқан жауынгерлердің басына салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аудан әкімінің орынбасары С. Ә. Тоғай құттықтау сөз сөйледі, рәсімге қатысушылар батырларды құрметтеп, бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Гүл қою салтанатты шарасынан кейін ардагерлер айтулы датаны мерекелеу үшін Құлагер шағынауданындағы «Гүлдер» саябағына жеткізілді. Алаң мереке тақырыбына сәйкес безендірілген, мерекелік сауда орналастырылған, балалар аттракционадары қойылған, әскери ботқа дайындалып, ардагерлер мен еңбек майдангерлері үшін арнайы дастархан жайылды. Келген қонақтар әскери бөлімшелер аспаздарының әзірлеген жауынгер ботқасынан дәм татты. Концерттік бағдарламаны ҚР еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков ашты, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің орындаған соғыс жылдарындағы әндер папурриі көрінісі көрермендердің лайықты бағасын алды, сондай-ақ концертке әнші-композитор Ұлықпан Жолдасов, композитор, тележүргзуші Арман Дүйсенов, халықтың сүйікті әнші қызы Тахмина Әшімбекова, ауданымыздың №2 мектебінің талантты бүлдіршіндерінің орындауында тақырыптық әндер шырқалды. 


10.05.2017