Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

07.06.2018
Жетісу ауданында «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында шағын футболдан жарыс өтті

2018 жылдың 6 маусымында «Айнабұлақ» шағынауданында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменінің бастамасымен ұйымдастырылған «Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында шағын футболдан жарыс өтті.

Марафонның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті жақсарту, қоғамда құқықбұзушылыққа қарсы көзқарас қалыптастыру, алматылықтарды жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру және азаматтық позициясын белсендету болып табылады.

Бүгінгі шағын футбол ойындарында жас футболшылар спортқа дайындықтарын тағы да шыңдай түсіп, жақсы әсер алды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға «Легион» командасы ие болды, екінші орын «Найк», ал үшінші орын «Наус» командасына берілді.

Жеңімпаздар кубоктармен, медальдар, дипломдармен марапатталып, футбол ойнына арналған форма сыйға берілді.

 

07.06.2018