Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.06.2017
Жетісу ауданында «Zhetysu Invest Forum-2017» атты алғашқы инвестициялық форум өтті

2017 жылғы 27 маусымда Жетісу аудан әкімі Т.Разақовтың қатысуымен «Сауданың заманауи форматы» тақырыбында «Zhetysu Invest Forum-2017» атты алғашқы инвестициялық форум өтті.

Аталған форумның мақсаты – экономика дамуын ынталандыратын маңызды бизнес ақпараттармен алмасатын алаң құру.

Форумға Красильников Ю. «Magnum Cash&Carry» PR менеджері, Игунов Е. «Юпитер Компаниясы» ЖШС директоры, Ш.Валиулин «Ферма у дома» магазиндер жүйесінің коммерциялық директоры, А.Хорошев Chocolife.me компаниясының коммерциялық директоры, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бизнес қоғамдастығы мен инвестициялық компаниялардың өкілдері қатысты.

Форум барысында Т.Разақов Жетісу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша мәлімет берді. Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде негізгі капиталға қала бойынша инвестицияның 4,4 %-ті құрайтын, 8 млрд. теңге кіріскірді. Аудан аумағында 47 ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорын орналасқан. Жылдың басынан 64,9 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, нақты өнім индексі 105,2% құрады», - деп, салық түсімі бойынша атқарылған жұмыс туралы аудан әкімі атап өтті.

Іс-шара сұрақ-жауап форматында өткізілді. Әр компания өкілі өз компаниясы жөнінде мәлімет беріп, отырған қонақтардың сұрақтарына жауаптарын берді.


28.06.2017