Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.03.2017
Жетісу ауданы № 148 мектеп-гимназияды 9-10 сыныптар арасында «Қылмыс пен жаза» тақырыбында іс-шара өткізілді

10 наурыз 2017 жылы Жетісу ауданы № 148 мектеп-гимназияды 9-10 сыныптар арасында «Қылмыс пен жаза» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге: Жетісу ауданының бас прокуроры  Бекназаров  Нариман Бектасұлы, Жетісу аудандық прокурордың аға көмекшісі Агеева Марина Викторовна,  Жетісу аудандық білім  бөлімінің басшысы Құсайынова Салтанат Амангелдиевна және де мектеп – гимназиямыздың белсенді оқушылары атап айтқанда: «Адал ұрпақ» клубының мүшесі 9- сынып оқушысы  Пернехан  Дарын және белсенді оқушыларымыздың бірі, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған  қолөнер байқауының халықаралық жүлде иегері 9- сынып оқушысы Қалиев Бейбарыс, мектеп-гимназиямыздың 9-сынып оқушысы, Көктем аруы - 2017 байқауының бас жүлде иегері Қанатбек Ақбота және де 9-10 сынып оқушылары қатысты. Дөңгелек үстел алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталды. Мектебіміздің театр үйірмесінің балалары қойған «Әдепті бала» тақырыбында қойылым көрсетілді. Қойылымда әдепті баланың бейнесі көрсетілді.

Қонақтарымызды ортаға шақырып 9-сынып оқушысы Қарабайұлы Дарын «Біз  заңды қаншалықты білеміз?» тақырыбында өз ойын ортаға салды. Дарынның ойын Нариман Бектасұлы толықтырып жасөспірімдердің басты қандай заңдарды білу керек екендігін назарға алды. Залда отырған оқушылар да өз сұрақтарын Қарабайұлы Дарынға және Нариман  Бектасұлына және Салтанат Амангелдиевнаға қойып жатты. Мысалы: «Әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларда немесе ата-анасы денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз болса, балалар демалыс уақытында өз отбасына көмектескісі келіп ақылы түрде еңбек етуге құқығы бар ма?»- деген сұрақ прокурорға қойылып, жауап алынды.

«Құқық бұзушылық деген не? Жасөспірімдердің құқық бұзушылық әрекетке баруына кім кінәлі?»  - деген тақырыпта 9- сынып оқушысы  Қалиев Бейбарыс өз ойымен бөлісті. Тыңдаушы оқушылар арасынан «Жасөсперімдер арасындағы ең ауыр қылмыс ол қандай және оған қандай жаза қолданылады?» -деген сұрақтар қойылып ой талқыға салынды.

3-ші ой бөлісуші: 9 - сынып оқушысы Қанатбек Ақботаны «Құқық бұзушылық әрекетке қалай жол бермеуге болады?»  тақырыбын талқыға салып, оқушыларға уақытты тиімді пайдаланып, түрлі үйірмелерге қатысуға шақырды.

Ж. Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара - бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,- деген екен. Олай болса отбасымыз, қоршаған ортамыз қылмыстан азат болғай деп тілейміз деп дөңгелек үстеліміз қорытындыланды. Дөңгелек үстелді мектеп-гимназия директоры Ф.М.Алиакбарова қонақтарға рахмет айта отырып, жасөспірімдерді құқықбұзушылық әрекеттер жасамауға шақырды.


13.03.2017