Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

04.05.2016
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет-қошемет көрсетілді

Жеңіс күніне орай Жетісу ауданында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет-қошемет көрсетіліп жатыр. Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Мұрынова Ж.Ш. және «Комфорт» Сауда үйінің қызметкері Фалькова Марина тоқсан жасқа толып отырған майдангер Нұртай Қашағанов атамызбен тоқсан екі жасқа толып отырған Әлімбеков Ташаухан атамыздың үйіне келіп, мерейтойларымен құттықтады. 

1941 жылы небәрі он алты, он сегіз жастағы боздақтар, соғысқа аттанып, сұрапыл соғыстың суығы мен ыстығына шыдап, Совет елін азат етуге қатысты.

Қатарының азайып бара жатқанына жандары қынжылатын қарияларымыздың ендігі тілегі - зұлмат соғыстың қайталанбауы, елдің амандығы. Ақсақалдарымыз болашақ ұрпаққа, бақыттың кілті тек бейбітшілікте екенін қадап айтты. 

Жыл сайын әкімшілік тарапынан ардагерлерімізге медициналық көмек көрсетіліп, сауықтыру орындарына жолдамалар үйлестіріледі. Ал кәсіпкерлер, өз тарапынан ардагерлерімізге тұрмыстық техникалар мен күнделікті тұтынуға арналған тауарларды шын жүректен сыйға тартады.

Жетісу ауданы бойынша 50 майдангер және екі мыңға жуық тыл ардагері өмір сүреді. 

     

04.05.2016