Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

09.09.2015
Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу мәселелері бойынша аудандағы мектеп оқушыларымен кездесу

Жетісу ауданы прокуратурасы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен бірге 9 қыркүйек сағат 11.00-де № 66 мектеп залында (Казаков көш., 6) Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Бұл кездесуге Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуроры Н.Б.Бекназаров, прокурордың орынбасары Р.А.Шардинов, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ш.Мурунова, қалалық және аудандық білім басқармаларының өкілдері, Алматы қаласы ІІД қызметкерлері, «НұрОтан» партиясы, аудандық ішкі істер басқармасы өкілдері мен девиантты мінез-құлықтағы балаларға арналған арнайы білім беру ұйымының директоры қатысты. Сонымен қатар, Кеңес Одағының батыры, Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері Кремениш Н.И., қазақстандық эстрада жұлдызы, ALL-Давай тобының мүшесі Шохан Маратұлы қонақ ретінде шақырылды.

Кездесудің мақсаты - кәмелетке толмағандарға қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктеріне қатысты құқықтық сауаттарын арттыру. Құзыретті орган өкілдерімен тікелей әңгімелесіп, балаларға салауатты өмір салтын ұстану, патриотизм туралы түсіндіру, Кеңес Одағының батыры, Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері Кремениш Н.И., ALL-Давай тобының мүшесі Шохан Маратұлы сияқты нақты тұлғаларды үлгі етіп, мысалға келтіру кездесудің мақсаты болды. Келген қонақтар мен оқушылардың кездесуі жылы ахуалда өтті. Оқушылар өз сұрақтарын келген қонақтардың әрқайсысына қоя алды.


09.09.2015