Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2019
Аудан әкімінің екінші есептік кездесуі Құлагер ықшамауданында өтті

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Алматы қ. Жетісу ауданы әкімі М.И. Тажибаевтың тұрғындарымен кездесіп, жыл бойы атқарған жұмыстары жайлы есеп беріп, болашақтың жоспарлары туралы айтылатын және қатысушылардың сұрақтарына жауап беретін есептік кездесулер айы басталды.
2019 жылдың қаңтар айының «15» мен ақпан айының «02» аралығында Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі М.И. Тажибаев аудан тұрғындарының алдында есеп береді. Шараға қала мен аудан құрылымдары мен қызметтерінің басшылары, «Нұр Отан» аудандық филиалының өкілдері және Жетісу ауданының тұрғындары қатысады.
Аталып өткен екінші есептік кездесу 18 қаңтар күні Жетісу ауданының 24 аумағына қарасты Құлагер ықшамауданында орналасқан Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратында өткізілді. Есептік кездесуге 257 адам қатысып, 16 адам 16 сұрақ қойып 6 алғыс білдірді. Жетісу ауданының тұрғындары аудандағы көріктендіруге байланысты сұрақтарды, оның ішінде автобус маршруттары, жол өткелдері мен жаяу жүргіншілер жолының құрылысы мен жарықтандыру мәселелерін және ескі үйлердің бұзылып жаңа үйге көшу мәселелері де қозғалды. Сондай-ақ кәріз жүйелері, газдандыру, адам тасымалдаушы көлік мәселелері де көтерілді. 
Іс шара барынсында Жетісу ауданының тұрғындары Алматы қаласының әкімі мен аудан әкіміне аудандағы көріктендіру бойынша атқарылған жұмыстарына алғыстарын білдірді.


18.01.2019