Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

30.04.2019
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен ҚР Мемлекеттік орталық музейінде ұйымдастырылған «Мұздай темір құрсанып...» көрмесі аяқталды

2019 жылдың 11 сәуірінде Елбасымыздың тапсырмасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасына сәйкес Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Мұздай темір құрсанып...» атты ежелден ел қорғаған қазақ батырларының суық қару түрлерін қалпына келтіруші, Жетісу ауданының тұрғындары болып табылатын ағайынды темірші-ұсталар Құлменовтардың экспонаттар көрмесі ұйымдастырылған болатын.

Көрме бағдарламасында қару-жарақ, ежелгі жауынгерлердің сауыт-саймандары, музыкалық құралдары және басқа да тұрмыстық бұйымдары көрсетілді. Іс-шара барысында келушілердің назарына ежелгі артефактілердің жасалу тәсілдері жайлы деректі фильм қойылды, экспонаттар саны 80 данаға жуық болды.

Көрме 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғастырылып, осы уақыт аралығында Жетісу ауданының мектеп оқушылары, студенттер, тарих пәнінің ұстаздары, мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде полиция басқармасының инспекторлары, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2468 әскери бөлім сарбаздары мен қызметкерлері, көпбалалы отбасылар, ардагерлер мен зейнеткерлер, тұрғындар және басқа да қала қонақтары көрмеге барды.

Ұйымдастырылған бұл шараны қорытындылай келсек, қамтылған адам саны 3000-нан аса.


30.04.2019