Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

03.10.2019
Алматы облысының жәрмеңкесі

Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары, Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесінің маусымы ашылады. Осы сенбіде, 5 қазанда «Астана» алаңында (Төле би көшесі, ҚБТУ-нің алды) жәрмеңкенің күз маусымын Алматы облысының тауар өндірушілері ашады. Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының мәліметі бойынша Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары мен Алматы облысының 17 ауданы жалпы құны 111 млн. теңгеден асатын түрлі ауылшаруашылық өнімдерін жеткізетін болады. Шараға «Жетісу» ӘКК» АҚ да қатысады.

Алматылықтар мен қала қонақтарына жалпы көлемі 180 тонна болатын азық-түлік тауарларының 50-ден астам түрлері ұсынылады, оның ішінде 50 тонна ет және балық өнімдері, 86 тонна жеміс-көкөніс, 14 тонна сүт өнімдері, сонымен қатар жарма, ұн, өсімдік және мал майлары бар.

Жәрмеңке бағасы базардағы орта бағадан төмен болады. Мысалы, бір килограмм сиырдың етін 1700 теңгеге, құстың етін 750 теңгеден, картопты 80 теңгеден, пиязды 65 теңгеден алуға болады.

Шара аясында ұйымдастырушылар өңірдің көркем өнерпаздар ұжымдарының қатысуымен қызықты концерттік бағдарлама дайындаған.

Еске салсақ, кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізудегі мақсат - қалалықтарды қолжетімді бағадағы түрлі сапалы өнімдермен қамтамасыз ету.Таяу арада Алматыда Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының қатысуымен осындай жәрмеңкелер өтетін болады.



03.10.2019