Жетiсу ауданы
әкімінің аппараты
A   A   A

БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙ
ҚР, 050050, Алматы қ.,
Құлагер ықш., Серіков көш., 2 а
e-mail: site.zhetysu@a-a.kz
тел/факс +7 (727) 384-27-56
Сенім телефоны:
384-27-66, 384-27-55
Тәулік бойы байланыс телефоны және WhatsApp: +7 700 384 27 60
Жаңалықтар мұрағаты
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31 1
Әкімге сұрақ
Cұрақ қою Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз

GetMessage($arResult[ ЖАҢАЛЫҚТАР

27.12.2018
Жетісу ауданы бүлдіршіндерінің армандары орындалуда

Жаңа жыл – жақсылықтың бастамасы. Ертегіге сеніп, жүректерінің түкпірінен Жаңа жылдың сиқырына орын тауып, үлкен құлшыныспен бала қиялы, Аяз Атадан сыйлық күтеді. Бүлдіршіндер ақ қағазға жүректен шыққан ақ тілектерін, армандарын жазып, сиқырлы Жаңа жылда орындалатынына, ескі жылдың лебі жақсылық, қуаныш әкелетініне сенеді. Әсіресе, баланың армандаған арманы, жазған тілегі Жаңа жылдың сәнін келтіреді.
Жетісу ауданы аумағында орналасқан мектептердің оқушылары өзінің бала тілегін Аяз Атаға жазды. Тілектері сабағына қажет, туған-туыстарымен байланыс жасай алатын смартфон немесе жазғы кезде тебетін велосипед және т.б. Бала тілегі сиқырлы Жаңа жыл қарсаңында орындалды.
Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі М.И. Тажибаевтың бастамасымен, ауданымыздың арқа сүйер демеушілері «Redstrike» ЖШС-нің бас директоры Белянков Александр Анатольевич және орынбасары Аманов Айдар Ермекұлы, сонымен қатар «BISON Almaty» ЖШС-нің бас директоры Борисов Данил Владимирович қолдауларымен жас бүлдіршіндердің армандары орындалды. Ал Аяз Ата мен Ақшақар рөлін М. Маметова атындағы № 28 мектеп-лицейінің 10 "Б" сынып оқушылары: Белянков Никита Александрович пен Ларионова Вероника Александровна орындады.

Гулбану Тауекелова "ЖЕТІСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА БАЛАЛАРҒА БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ СӘТТЕРІ ЕСТЕРІНДЕ ҚАЛУ ҮШІН ҚАЛА АУДАНДАРЫНДА БОЛМАҒАН ӨЗГЕШЕ ӘРІ ЖАҢАШЫЛ БАСТАМАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ. 

ОСЫҒАН ОРАЙ АУДАНЫМЫЗДЫҢ 21 МЕКТЕБІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРЫНЫҢ БАЛАЛАРЫНА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАУ МАҚСАТЫНДА АЛДЫН АЛА БАЛАЛАРҒА АЯЗ АТАҒА АРМАН-ТІЛЕКТЕРІ ЖАЗЫЛҒАН ХАТ ЖАЗДЫРТЫЛДЫ. 

СОЛ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮРЕК ТҮКПІРІНДЕ ЖАТҚАН АРМАНДАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫНА МҰРЫНДЫҚ БОЛҒАН ІС-ШАРАДА АРНАЙЫ АЯЗ АТА МЕН АҚША ҚАР ӘРБІР ОТБАСЫНЫҢ ШАҢЫРАҒЫНА АТ БАСЫН БҰРЫП, АРНАЙЫ СЫЙЛЫҚТАРЫН ТАРАТТЫ. 
СОНЫМЕН ҚАТАР ЖЕТІСУ ӘКІМІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН АУДАН КӨЛЕМІНДЕ 300-ДЕЙ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫНЫҢ ЖӘНЕ 65 ДЕНСАУЛЫҒЫ ТӨМЕН, МҮГЕДЕК БАЛАЛАРҒА СЫЙЛЫҚТАР ТАРТУ ЕТІЛДІ. 
АҚИҚАТЫНДА ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ - ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ. 
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫМЫН КӨРЕРСІЗ ДЕГЕНДЕЙ БАЛА КӨҢІЛІНЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ ЕСТЕН КЕТПЕС ҚУАНЫШЫН СЫЙЛАҒАН ЖЕТІСУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ М. ТӘЖІБАЕВ МЫРЗАҒА, АУДАН ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫНА ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ МЕН ҰСТАЗДАРДЫҢ АТЫНАН ШЕКСІЗ РИЗАШЫЛЫҒЫМЫЗ БЕН АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ."


27.12.2018